11.12.2021, 18:20
Оқылды: 73

Чемпионмен кездесу 

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Дариян ауылдық округіндегі "Шабыт" коворкинг орталығында жастар арасындағы ММА-дан Қазақстан кубогінің иегері Карина Сисеновамен кездесу өтті.

IMG-20211211-WA0045

Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұйытқы болуымен оздырылған кешке Карина Сисенова мен анасы Елік Кулбаева, каратэден әлем чемпионатының қола жүлдегері Ольга Кротова, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Жанар Губашева, аудандық мәслихат депутаты Ұлданай Сейтқалиева, аталмыш орталықтың кеңесші маманы, Дариян ауылының жастар жетекшісі Марзия Кунусбаева мен округ жастары қатысты.

IMG-20211211-WA0044

Шара барысында жеңімпаз қыз спорттағы жолы туралы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ алда өтетін әлем чемпионатына дайындығы қалай жүріп жатқанына да тоқталды.

- Қандай белес болса да ол адамға оңайлықпен бағынбайды. Ол үшін еңбектену қажет. Қазіргі таңда дайындығымды тоқтатпай, еңбектену үстіндемін. Бұйырса, қаңтар айында Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Абу-Дабиде өтетін әлем чемпионатында бақ сынамақпын. Қазір сол жарысқа дайындық үстәндемін, - деді Карина Сисенова.

IMG-20211211-WA0042

Жас спортшының басты мақсаты Әлем чемпионы болу екен. Одан бөлек әлемдегі ең мықты промоушн  UFS-ге бет бұрып, өзін сол салада сынамақ ойы бар екенін де жасырмаған Карина жастар тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап берді.

IMG-20211211-WA0041

Аудан атын алты қырдан асырған қайсар қызды үнемі қолдаудан жалықпайтын анасы  Елік Кулбаева, кездесу барысында Каринаның жанынан табылды.

- Ана үшін баласының қай жеңісі болмасын қуаныш. Осылай қызымның еңбегін елеп, қолдап жатқандарыңызға ризамын, - дейді Елік Кулбаева.

IMG-20211211-WA0043

Кешке арнайы келген, каратэден Шанхайда өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері Ольга Кротова да кездесуге келген жастар мен Каринаға сәттілік тілеп, ақ жарма лебізін жеткізді.

Кездесу соңында, бәсі биік бәсекеде аудан намысын асқақтатып жүрген Карина Сисеноваға аудан әкімі Марат Тоқжанов атынан алғыс хат пен аудан жастары атынан естелік сыйлық табыс етілді.

Назерке Сыйлыбаева, 
Бәйтерек ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале