22.11.2021, 9:10
Оқылды: 86

Чемпионмен жаттығу өтті

 Теректіліктер ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында әлеуметтік, бұқаралық, спорттық шаралар өткізуді жандандырды.

45E9F2A1-D8AC-47DF-B09D-82434EBDDACF

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды орындай отырып, ұйымдастырылған осындай шаралар легіне «Nur Otan» партиясының жергілікті бастауыш партия ұйымдары ұйытқы болды.

Өткен аптада олар «Бастауыш - партия негізі» айлығы шеңберінде «Чемпионмен жаттығу» спорттық шарасын өткізді.

E948BDEE-A09B-4D3C-856F-ECCED1F79807

Мәселен, партияның Шағатай бастауыш ұйымы өткізген шара Ыбырай Алтынсарин атындағы мектепте болды. Мектеп оқушылары, ұстаздар, әкімшілік қызметкерлері сап түзеген таңғы көпшілік жаттығуға самбодан республикалық деңгейдегі чемпиондар Дәурен Темірболатов пен Темірлан Талғат қатысты.

Ал Ақсуат орта мектебінде ұйымдастырылған осындай шарада  дзюдодан ардагерлер арасындағы республикалық сайыс жеңімпазы, чемпион Тарғын Бақбасовпен бірге жаттығу жасауға ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауылдық округ әкімі аппараты ұжымы, мәдениет қызметкерлері, мектеп ұстаздары, жастар жиналды.

Шаған округі орталығындағы Шаған мектебіндегі бой сергіту мектеп оқушылары үшін қызықты болды. Олар өз чемпионы – шорт-трек жұлдызы Ақниет Сансызбаевамен бірге жаттығу жасады.

Тап осындай жаттығулар аудандағы барлық округтерде өткізілді.

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале