14.11.2024, 23:00
Оқылды: 89

Чировтықтар жол жөндеген және су құбырын салған мердігерлердің кепілдік міндеттемелерін орындауын сұрады

Бәйтерек ауданы әкімі Марат Тоқжанов Чиров ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, есептік мерзімде атқарылған жұмыстар, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жоба нәтижелері туралы баяндады.

24f6f6d2-720d-4edd-9e5e-14f533f19e39

Чиров ауылдық округі әкімі Николай Штык биыл жаңа су құбырына қосу бойынша жүргізілген ауқымды жұмысты, ауылдағы барлық әлеуметтік нысандарға тіршілік көзі кіргенін айтып, жаңа су құбырын пайдалану барысында туындаған мәселелерді де атады. 

e7e8e9d9-414b-4abe-aa3e-ba48a20ec35b

- Өкінішке орай, су құбырын салған мердігер ұйым кепілдік міндеттемелерін орындамағандықтан, жердің шөгуімен байланысты барлық жөндеу жұмыстарын өз күшімізбен атқаруға тура келді. Сондай-ақ Чиров ауылындағы ескі су құбырына дәнекерлеу жүргізілді. Су мұнарасы қалпына келтірілді. Балабаново ауылында да тұрғындардың күшімен су мұнарасын жөндеу мәселесі шешімін тапты. Ал 200 адамнан кем тұрғыны бар ауылдарда су тазарту және сүзу жүйесі бар кешенді блок-модульдер орнатылады. Осы жылы Балабаново ауылында модульді орнату жұмыстары басталады. Мердігер ұйым анықталып,жергілікті тұрғындармен бірге орнатылатын орын белгіленді. Сондай-ақ биыл біздің ауылда көпбалалы және әлеуметтік осал топтарға арналған 5 үй салынды. Жуырда олар жаңа иелеріне табысталмақ,- деді ол.

6bce83cc-82f1-4890-a2df-94fd462ba7ed

Округте көгалдандыру ісі жүйелі жолға қойылған. Көктемде жеке үйлердің аулаларына 50-ден астам жеміс-жидек ағаштары, өзен жағасына 50 түрлі ағаш пен бұта, Балабаново тасжолының бойына «Жасыл белдеу» құру үшін 250 тал және қарағаш көшеттері отырғызылған.

Округ тұрғындарын алаңдататын мәселелердің бірі – су қоймасындағы бөгеттің жағдайы. Осыған байланысты объектіні құжаттау жұмыстары жүргізіліп, өткен жылы рәсімделген: жерге акт,техникалық сипатта әзірленіп, әділет органдарындатіркелген. «УралВодоПроект» институты бұлобъектіні жөндеуге арналған ЖСҚ дайындап, олсараптамадан өтті. Қазір қаржы бөлініп, байқау өткізілген. Жеңімпаз Алматы қаласының «СМУ - 17» ЖШС-і іске кіріскен.

f16d6751-83f5-4591-9edd-000787379cdd

Есептік кездесуге келген ауыл тұрғындары Асылбек Ажиев, Амантай Килибаев кіреберіс жолды жөндеген және су құбырын салған мердігерлердің кепілдік міндеттемелерін орындауын талап етті. Сондай қыс, көктем мезгілінде қозғалысқа кедергі келтіретін жол жиегіндегі ағаштарды отау туралы сауал жолдады.

- Айтуыңыз өте орынды. Үш жылға кепілдік беріледі. Алайда біз кейде келесі жағдайға тап боламыз. Жаңа су құбырын салуға өзге өңірлерден келеді. Жұмысқа біздің жерлестерімізді тартады. Кейін олар еңбекақысын төлемейді деп әкімдікке шағым түсіреді. Ал мемлекеттік сатып алу бойынша ең төмен бағаны ұсынған компания жеңіп құрылыс нысанын жеңіп алады. Ол келеді де материал  мен жұмыс күшінен үнемдейді. Кейін тіптен банкроттық жариялайды да біз өзіміздің талаптарымызды жолдайтын жауапты ұйымды таппай қаламыз. Мәселе осында. Ал жол жиегіндегі ағашты кесу қиындық тудырмайды. Бірақ ол сол жолдың астынан тамыр тартып жатыр. Сол себепті жол жиегін ағаштан тазартқанда, жолдың бұзылуына әкелмеуін қадағалау маңызды,- деді Марат Лұқпанұлы.

Айту керек, кіреберіс және ауыл ішіндегі жолдар күтімі – өзекті мәселе. Кіреберіс жолдарды бұрынғыдай аудандық ТҮКШ қамтиды, ал ауыл ішін күтіп ұстау округ міндетінде. Оған жұмсалатын шығын есептеліп, бүгінде бюджетке өтінім ұсынылып, жауапты ұйым анықталған.

Гүлім Орда

Бәйтерек ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале