5.04.2024, 11:15
Оқылды: 54

Чувашиндықтар құрбан шалып, елдің амандығы тіледі

 

Бәйтерек ауданы аумағында су басу қаупі бар елді мекендердің бірі – Достық ауылдық округіндегі Чувашин ауылы. Өткен аптада қарғын судың құрсауынан шыққан бұл ауыл енді Орынбор облысындағы арнасы тасыған Теплое өзенінен келіп жатқан суға қоршалып қалды. Ауыл маңындағы Шаған өзенінен де қауіп жоқ емес.

Су махамбет

Көрнекі фото: zhaikpress.kz (Махамбат ауылы)

Бүгін таңғы сағат 8-дегі жағдай бойынша Шаған өзенінің деңгейі 1300 сантиметрге жеткен (қауіпті деңгей - 1280 см). Ресейден 20 шақырымдай қашықта орналасқан аталмыш ауыл тұрғыныдары 4 сәуірден бастап Шағанның суы да ауылға қарай аға бастағанына алаңдаулы. Соған орай жергілікті елу шақты азамат ауыл маңындағы бөгетті нығайтып, 3 мың қап құм төседі. Ауыл тұрғыны Қайрат Қуанышқалиевтің айтуынша, соңғы 4-5 күннен бері түні бойы тұрақты түрде кезекшілік ұйымдастырылып келеді. Қалыптасқан жағдайға байланысты әрі Рамазан айына орай 4 сәуірде чувашиндықтар құрбандыққа екі қой шалып, ауыл ортасына құрылған киіз үйде садақа беріліп, ораза ұстап жүргендерге кешкісін ауызашар ұйымдастырылды. Онда құран оқылып, жиналғандар елдің амандығы мен тыныштығын, су тасқынынан зардап шеккен отандастарымызға жеңілдік тілеп, дұға қылды.

Аталмыш ауылдық округтің әкімі Әбубәкір Төлеуовтың сөзіне қарағанда, егер Чувашин ауылын су басу қаупі төнсе, мұндағы 678 тұрғын, оның ішінде 107 бала Достық ауылына уақытша көшіріледі. Онда мектеп пен клубта жасақталған эвакуациялық пункттер дайын.

Серік Маратұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале