9.02.2023, 11:45
Оқылды: 49

Дайындық – 90 пайыз

Бәйтеректе жыл сайын су басу қаупі төнетін елді мекендердің ішінде Мичурин, Переметный, Трекин, Дариян ауылдық округтары бар. Соған орай аудан әкімінің орынбасары Мұрат Залмұханов аталмыш ірі ауылдық округтарда болып, қамданыс жұмыстарымен танысып келді.

бәйтерек (3)

  -Өткен күз жаңбырлы болды. Қыста термометр бағаны 30 градусқа дейін төмендеді. Соның салдарынан жерде 1 метрдей тоң бар. Аудан аумағындағы сай-саланың мол суы қазір мұз болып қатып жатқанымен ертең көктемде жаңбыр жауса, ертіп, тоңның кесірінен жерге сіңе алмай, ауылға қауіп төндіреді. Соған орай аудан әкімінің тапсырмасымен ауылдарға шығып, дайындық жұмыстарымен танысудамыз. Қазір жанар-жағармай қоры жеткілікті. Әр ауылда 4-5 дана мотопомпа, қажетті құрылғылар мен құрал-жабдықтар бар. Солардың жай-күйін қарап жүрміз. Аудан аумағында жол құрылысының жүруіне байланысты барлық ауылдық округта құм бар, енді 13 мыңдай ыдыс-қапқа және қосымша 5-6 мотопомпаға тапсырыс бердік. Ауылдардағы техникалары бар кәсіпкерлік субъектілерімен және ассенизатор көлігі бар тұрғындармен де кездесіп, ертең көктемде көп мөлшерде ағынды су келіп жатса, оларды көмекке шақыратын болып келестік. Олар күн демей, түн демей, «сырқаттанып қалдым, көлігім сынып тұр, не үйде жоқ едім» деген секілді сылтаулар айтпастан, шақырған кезде бірден келеді. Техникалардың, ассенизаторлардың да жай-күйімен таныстық. Бәрі де талапқа сай. Жалпы қазір бізде бұл бағытта өзекті мәселе жоқ. Бүгінгі дайындығымыз 90 пайыз шамасында. Көктемге дейін толықтай дайын боламыз,- деді Мұрат Дүйсенұлы.

Серік Маратұлы,

Фото: Сәлім Мамбеталиев

Бәйтерек ауданы

         zhaikpress.kz

бәйтерек (1) бәйтерек (2) бәйтерек (4)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале