15.07.2022, 23:03
Оқылды: 36

"Дала дидары" - Хамза елінде

Қазақтың заңғар ақыны Қадыр Мырза Әлидің бай мұрасын насихаттап, ұлттық сана-сезімді оятып жүрген Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының «Дала дидары» өнер ұжымы қазақтың сөз алыбы, азаматтық жүгін абыроймен алып өткен Хамза Есенжановтың кіндік қаны тамған Шалқар көлі жағасына арнайы келді.

дд 7 (1)

Сарыөмір ауылындағы мәдениет үйіне жиналған өнерсүйер қауым өңірдің бетке ұстар ақындарымен кездесуді тағатсыз күтті.

Сахна шымылдығын ашып, халыққа амандасқан мәдениет және өнер орталығының директоры Бауыржан Халиолла ұжым атынан ризашылығын білдіріп, әдеби-сазды кешті бастап берді. Осы жерде ол Сарыөмір ауылдық мәдениет үйінің директоры Болғанай Ахметоваға алғыс хат табыс етті.

дд5 (1)

«Дала дидарын» қолдай келген “BatysStar” тобы рух көтерер “Өз елім”, “Тамаша”, “Атамекен” әндерін шырқады. Ә.Ахметов, М.Сабыров орындаған әндер де жұртшылық көңілін көтерді. Айтыскер ақын Эльдар Ихсанов Қадыр ақынның “Он баласы бар ана” өлеңін оқыған кезде зал сілтідей тынды.

Қазақтың ұлы тұлғаларының өшпес сөзін, сарқылмас қазынасын елге насихаттап, мәдениет пен өнердің қанаты берік, құлашы кең болуына қомақты үлес қосып жүрген ұжымға аудандық маслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев халық атынан алғысын айтты.

Өнер ұжымына аудан әкімі Тілек Габдушевтың атынан алғыс хат табыстаған ол өнерпаздарға ықылас гүлін тарту етті.

Балнұр Қуанышқызы,
Теректі ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале