8.08.2025, 20:00
Оқылды: 110

Даму дағдысы: Тәжірибелі маманнан құнды кеңес

Казталов аудандық психологиялық-педагогикалық қолдау орталығында ерекше маңызы бар кездесу өтті. Тәжірибелі маман, логопед-дефектолог, сурдопедагог, ерте жастан қолдау маманы Даражат Хапарова ата-аналармен кездесіп, баланың сөйлеу, есту, ойлау қабілетін дамыту бойынша құнды кеңестерімен бөлісті.

image-08-08-25-04-24-1

Кездесу барысында маман әр баланың даму ерекшелігіне тоқталып, балалардың сөйлеу, ойлау, есту қабілеттерін дамытуда ата-ананың рөлі, баламен қарым-қатынас жасау әдебі мен ерте жастан басталатын қолдаудың маңыздылығы жөнінде жан-жақты мәлімет берді. Әсіресе, мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс істеу әдістеріне ерекше назар аударылды.

- Әр баланың қабілеті әртүрлі. Ең бастысы — ата-ананың қамқорлығы мен дер кезінде көмек көрсетуі. Бала дамуы кездейсоқ емес, саналы түрде басқарылатын процесс. Оны ерте бастау – үлкен нәтижеге жетелейді. Әрбір ата-ана баласының дамуында белсенді болуы керек. Біз бірлесе отырып ғана нәтижеге қол жеткіземіз, — деді Даражат Музаффарқызы.

Кездесу ата-аналар үшін пайдалы әрі мотивациялық форматта өтті. Мұндай шаралар баланың толыққанды дамуына жол ашары сөзсіз.

Шара соңында ата-аналар толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, баламен жұмыс істеу әдістерін меңгеріп, маманнан жеке кеңестер алды. Бұл кездесу ата-аналар үшін аса пайдалы әрі шабытты өткен жиын болды.

 

Мейірім Парасат,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале