13.08.2024, 10:00
Оқылды: 178

«Дамумед» ақпараттық жүйесінің тиімділігі қандай?

Жәнібек аудандық ауруханасының директоры Сәуле Исмағұлованың бізге берген мәліметіне қарағанда, денсаулық сақтау нысандары көрсететін қызметтердің сапасын арттыру бойынша қолға алынған шаралардың қатарында 2021 жылдан бастап «Дамумед» біріктірілген медициналық ақпараттық жүйесі жұмыс істейді.

0EF1AF55-BC68-4814-A045-EBE3CA2E6993

Сурет: pixabay.com

Халық үшін «Дамумед» мобильді қосымшалары әзірленген. Онда азаматтар тексеру немесе анализ нәтижелерін көре алады.

«Дамумед» – бұл медициналық ұйымға жылдам қол жеткізу, дәрігерді үйге шақыру және медициналық құжаттарды көру.

– «Дамумед» дегеніміз – емделушіге бағытталған медициналық цифрлық экожүйе. Денсаулық сақтау, ауруларды анықтау және бақылау министрлігінің порталдарымен біріктірілген. Электрондық медициналық жазбалар – қағазсыз медицина. «Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» 2021 жылғы 5 тамыздағы №75 бұйрығына сәйкес аудан тұрғындары тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуде. Қазақстанның жекелеген аурулары (жағдайлары) 48 ауру нозологиясымен қамтамасыз етілуде, - дейді Сәуле Мағауиятқызы.

Оның айтуынша, аудандық аурухана СК «Фармациядан» апта сайын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Бюджеттік өтінім бойынша учаскелерден алдан ала тапсырыс жиналады.

Содан соң лимитке қарай облыстан әр ауданға қаржы бөлінеді. Сол қаржыға қарап, күні бұрын өтінім, ал алғашқы аурулар анықталған кезде қосымша өтінім беріледі. МӘМС-тен қаржы бөлінуіне байланысты науқастар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.

– Аудандық ауруханада жоғарыда аталған №75 бұйрыққа сай рецепт бойынша тегін дәрі-дәрмек беретін дәріхана жұмыс істейді. Рецепт беру науқастың телефонына SMS хабарлама жіберу арқылы жүзеге асырылады. Науқастар дәрі-дәрмектерді келесі диагноздар бойынша алады: артериалдық қан қысымы, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, ревматоидты артрит, эпилепсия және тағы басқалары. Науқасты ота жасауға дайындау кезінде науқас «Дамумед» мобильді қосымшасы арқылы немесе тіркелу бөлімі арқылы дәрігердің қабылдауына жазылады. Дәрігер науқасты тексереді, ал егер ота жасауға қарсы көрсетілімдер болмаса, емделушіге анализдер мен консультациялар тағайындалады, - дейді С.Исмағұлова.

Асқар Орынғалиұлы

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале