Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде Кеңес одағының батыры, халық хаһарманы «Ар-намысты арқалаған рухты батыр» тақырыбында Бауыржан Момышұлының туғанына 112 жыл толуына орай әскери-патриоттық, спорттық аудандық жарысы және Тәжік-Ауған қақтығысының ардагер майдангерлерімен кездесу кеші оздырылды.
Аталмыш іс-шараның ашылу салтанатында мектеп директоры Бекжан Қойшекенов, қорғаныс саласының ардагері Сәбит Хасанов сөз алып, жрысқа қатысушы командаларға сәттілік тілеп, шараға қатысушы Тәжік-Ауған қақтығысының ардагер майдангерлерін Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Тақырыпты арқау ете отырып, жас ұрпақты патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында Тәжік-Ауған қақтығысының ардагер майдангерлері Тұрар Есетов, Сағат Хайыров, қорғаныс саласының зейнеткері Сәбит Хасанов кездесу кешінде өз ойларын ортаға салып, оқушылар сауалдарына жауап берді.
– Аудандық көлемде ұйымдастырылған әскери-патриоттық спорттық жарыс, жас ұрпаққа Бауыржан Момышұлының ерліктерін, сонымен қатар жерлес ардагер ағаларымыздың елеулі еңбектерін жастарға насихаттап, үлгі өнеге ету мақсатында оздырылып отыр,- дейді Мержан Асқарұлы.
Қаратөбе мектеп-гимназиясы, Қалдығайты, Соналы ЖОББМ, Шөптікөл МББК, Мұхит атындағы ЖОББМ және «Жас сарбаз» сыныбы қатысты.
Жарыс қорытындысына сай Мұхит атындағы ЖОББМ командасы жалпы командалық есеп бойынша І орынды иеленді. ІІ орын Қаратөбе мектеп-гимназиясы командасына бұйырса, ІІІ орынға Соналы ЖОББМ командасы табан тіреді.
Ерболат Райсов,
Қаратөбе ауданы