4.09.2020, 11:49
Оқылды: 51

Дәрігерлерге қолдау зор болмақ

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" деген тақырыппен халыққа арнаған Жолдауында бүкіл қоғам алдында дағдарыс жағдайында атқарылатын іс-шаралардың жоспарын баяндады.

Prezident

Алдымызда ауқымды әрі күрделі міндеттер тұрғандығын тілге дәйек ете отыра, медициналық инфрақұрылымды дамытуға терең тоқталып өтті.  Жыл соңына дейін еліміздің аймақтарында 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынып, 2025 жылға қарай денсаулық сақтау саласына арналған 20 заманауи көпсалалы нысан пайдалануға берілетіндігін айтты. Менің ойымша, бұл – құптарлық шешім. Денсаулық саласын дамыту үшін ең бірінші медициналық инфрақұрылымға аса мән берілуі керек. Сонымен қатар ел басшысы өз Жолдауында індет кезінде дәрігерлердің еңбектерінің ақталғандығын және 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі есе артық болады деп тұжырымдады. Алдағы үш жыл ішінде ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау жүйесін дамыту үшін барлық ауыл мен елді мекендерді фельдшерлік-акушерлік пункттермен және дәрігерлік амбулаториялармен қамтамасыз етіп, денсаулық саласының сирек кездесетін эпидемиолог, инфекционист, реаниматолог, пульмонолог, кардиолог мамандарын даярлауды күшейтуді тапсырды. Бүгінгі жолдауда еліміздің ең  өзекті мәселелері қаралды. Осы жолдауда айтылған бағыт бойынша барлығымыз мемлекеттің болашағы үшін өз міндеттерімізді үлкен жауапкершілікпен атқарамыз деп сенемін.

Сержан Есенгубеков,

Жаңақала аудандық аурухана директоры

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале