19.05.2024, 12:30
Оқылды: 75

Дариян ауылында аудандық семинар өтті

Бәйтерек ауданына қарасты Дариян ауылындағы «Жұлдыз-ай» бөбекжайында «Бала тәрбиесі – асыл қазына» деген атаумен аудандық семинар өтті.

IMG-20240518-WA0063

«Бәрін білгім келеді» интеллектуалдық дамыту зертхана аясында ұйымдастырылған іс-шара дарынды балаларды қолдау мен дамытуды, балаларды тәрбиелеу мен оқытуда түрлі әдіс-тәсілдерді жетілдіру үшін инновациялық технологияларды пайдалануды, іс-тәжірибемен бөлісуді мақсат тұтты.

Сазды сәлеммен бөбекжай бүлдіршіндер семинарын ашқан соң сөз алған аудандық білім бөлімінің әдіскері Г.Мусағалиева мұндай семинардың мән-маңызына тоқталды. Одан кейін командамен жұмыс жасау, ұжымды біріктіру мақсатындағы педагог-психолог А.Батвашеваның психологиялық тренингінің көпшілікке берері мол болды.

IMG-20240518-WA0066

Іс-шара барысында трбиешілер «Ата-әжелер» мектебі аясында киіз басу, ұршық иіру, қамшы өру, түрлі ұлттар этномәдениеті, жаңа технология бағыттарында шеберлік сыныптарын өткізді.

«Экобалабақша» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Сказка» тобының бүлдіршіндері «Луковый мюзикл» қойылымын сахналады.

Семинар «Халықтар достығы» фестивалімен аяқталды.

Қуаныш Қали,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале