24.08.2021, 11:43
Оқылды: 116

Дариян өнерпаздары Түркияға барады

Осыдан тура бір ай бұрын Бәйтерек ауданы Дариян ауылы мәдениет үйі жанынан құрылған «Ұлағат» театр үйірмесінің жеткіншектері Шығыс Қазақстан облысында өткен «Жұлдызды қадам» халықаралық байқауында бас жүлде еншілеп, Қырғыз елінде өтетін конкурсқа жолдама жеңіп алғанын жазған болатынбыз.

IMG-20210824-WA0004

Күні күше дарияндықтар Ыстықкөл жағасынан сүйінші хабарды жеткізді. Қырғыз еліне "Ұлағат" театр үйірмесінің екі қатысушысы Софья Бялт пен Никита Джуламанов барған-ды. Олар көрерменге қарттық пен жастықтың бақыты жөнінде көркем сөз оқып, әділ қазылар мен жиналған ағайынның көзіне жас алдырды.

Дарияндық өнерпаздардың шеберлігіне тәнті болған қазылар алқасы Софья мен Никитаны бас жүлдеге лайықты деп таныды.

IMG-20210824-WA0006

Олар Түркия елінде өтетін байқауға жолдама жеңіп алды. Ал жастарды өнерге баулып, олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап жүрген театр жетекшісі Асылай Көпжанова ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хатқа ие болды.

IMG-20210824-WA0009

- Осындай Халықаралық байқауларға қатысуға жағдай жасаған Бәйтерек аудандық мәдени-демалыс орталығының басшылығына ризашылығымыз шексіз. Келер жылы Түркия елінде өтетін байқауға дайындаламыз. Көп уақыт бар. Бірақ бауырлас ел көрерменін таңқалдырғымыз келеді, - дейді «Ұлағат» театр үйірмесінің жетекшісі Асылай Көпжанова.

Түгелбай Бисен,
Бәйтерек аудан
ы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале