26.03.2021, 18:15
Оқылды: 68

Дариянда арықтар тазартылды

Бәйтерек ауданына қарасты Дариян ауылдық округі әкімшілігі ауыл ішіндегі арықтарды тазарту, жиналған қар суын сору жұмыстарын ұйымдастырды.

 қар1

Тазалау жұмыстарына жеке кәсіп иелері де үлестерін қосуда. Жұмыс  барысында Озерный, Достық көшелеріндегі арықтарда жиналып қалған қар шығарылып, арнайы техникалардың көмегімен ауыл сыртындағы күл-қоқыс төгетін орынға жеткізілді. Сондай-ақ су соратын машинаның күшімен арықтарға жиналған қар суы да шығарылуда.

қар2

Дарияндық ағайын игілікті шараға белсенді атсалысып, техника, жанар-жағар май беріп, қолдау танытқан ауыл кәсіпкерлеріне алғыстарын айтуда.

Қайнаған еңбектің ортасында жүрген ауыл әкімдігінің қызметкерлері де тұрғындардың үйлерін су баспас үшін бар күшін салуда.

 

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале