Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұсынуымен жуырда Дариян ауылдық округіндегі кітапханалар ақын Қайрат Жұмағалиевтің 86 жылдығына орай дәстүрлі "Қайрат оқуларын" ұйымдастырды.
Поэзиялық пикник форматында өткен іс-шарада кітапханашылар қазақ әдебиетінде өзіндік орыны бар ақын әрі аудармашының өмірбаянына тоқталып, шығармашылығы туралы әңгімеледі.
Табиғат аясында болған кеште Абай атындағы мектеп-гимназия-интернатының, Дариян орта мектебінің оқушылары, мәдениет саласының қызметкерлері және кітапхананың тұрақты оқырмандары ақынның өлеңдерін нақышына келтіріп мәнерлеп оқыды. Оларға Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының алғыс хаттары табысталды.
Іс-шара ананы құрметтеудің озық үлгісін көрсеткен Қайрат ақынның "Анашым" әнін шырқаумен тәмамдалды.
Динара Ғизатова,
Бәйтерек ауданы
Дариян ауылдық кітапханасының кітапханашысы