5.12.2024, 0:00
Оқылды: 15

Дариянда қоғам қайраткері Роберт Сүйірбаевтың 75 жылдығына арналған кеш өтті

Дариян ауылында қоғам қайраткері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Роберт Сүйірбаевтың 75 жылдығына орай «Тағзым. Құрмет. Өнеге» деген атаумен кеш өтті. Оған мерейгердің әріптестері, шәкірттері, достары және ауыл тұрғындары қатысты.

IMG-20241204-WA0037

​- Бүгін ауданымызға ат терлетіп елге, Ақ Жайық өңіріне танымал тұлғалардың келгендігіне қуаныштымыз. Елге сыйлы, көптің құрметіне бөленген ағамыз Роберт Хамитұлының мерейлі жасын атап өтудеміз. Оның 28 жасында Орынбор облысындағы 6 мың бас ірі қара, 3 мың бас шошқасы және өзге де мыңдаған ұсақ малдары болған «Правда» деген ірі колхозды басқаруы көп нәрсені аңғартса керек. Ағамыз сол кезде КСРО-дағы ең жас басшылардың бірі болғандығы анық. Елге оралған соң осы жерде, яғни бұрынғы Приураль ауданында, содан соң облыс орталығында түрлі басшылық қызметтерді атқарды. БҚО әкімінің орынбасары болды. Сөйтіп өзіне артқан сенімді ақтап, бүгінде елдің алдында үлкен құрметке бөленіп жүр. Осындай қызметтерде, қарбалас тірлікте жүргеніне қармастан ғылымға да уақыт тауып, біршама еңбектер жазды. Сүйірбаевтардың тектілігін, ілім-білімге жақындағын атасы Құрбанғалидың Алаш қайраткері Жаһанша Досмұхамедовке сабақ бергендігінен-ақ көруге болатындай. Рахметолла Хамитұлын да ел-жұрт жақсы біледі, құрмет тұтады. Роберт Хамитұлының Приурал ауданында қалған қолтаңбасын бәйтеректіктер ұмытпайды,-деген аудан әкімі Марат Тоқжанов мерейгерге қазақы салтпен иығына шапан жауып, Бәйтерек ауданының 85 жылдығына орай салынған әдемі картинаны сыйға тартты.
​Облыс әкімінің кеңесшісі Алдияр Халелов өз сөзінде өңір басшысының мерейгерді арнайы қабылдап, құттықтағанын, ел үшін атқарған елеулі еңбегі үшін алғыс айтқанын атап өтіп, ол да жиналғандардың қошеметімен мерейтой иесіне шапан жапты.

IMG-20241204-WA0027
Содан соң аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрлыбек Хайруллин облыстық, аудандық мәслихат депутаттары корпусының атынан құттықтады.
Кездесу басында игі тілегін жолдаған Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы ардагерлері ұйымының төрағасы Лавр Хайретдинов Роберт Хамитұлының өңіріне ҚР АШМ-ның «Еңбек ардагері» төсбелгісін тақты.

IMG-20241204-WA0035
- Мен осындай тамаша әрі әсерлі кешті ұйымдастырған аудан әкімі Марат Тоқжановқа, Вера Шохинаға, идея тастаған Ғайса Қапақовқа, Лавр Хайретдиновке өз алғысымды білдіремін. Роберт Хамитұлы осыдан қырық екі жыл бұрын елім деп келген кезде құшақ жая қарсы алған дарияндықтардың шынайы көңілдері сол қалпында екенін көріп қуанып отырмын. Мерейгердің өмірде көп жетістікке жетуіне бастау болған Дариян ауылында 75 жасы аталып өтілуі заңдылық деп есептеймін, - деген әріптесі, танымал саясаткер, қоғам қайраткері Табылғали Сапаров Қазақстаннның мемлекет және қоғам қайраткері Қырымбек Көшербаевтың мерейтой иесіне жолдаған құттықтауы мен дарияндықтарға айтқан ыстық сәлемін жеткізді.

IMG-20241204-WA0033
Мерейгерді ұстаз тұратын «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы БҚО филиалының төрағасы Серік Сүлеймен мұндай кездесуді барлық ауданда, облыс орталығында өткізу қажеттілігін айтты.
Кеште жергілікті өнерпаздар мерейтой иесі сүйіп тыңдайтын әндерден шашу шашты.

Серік Маратұлы
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале