6.01.2020, 10:20
Оқылды: 21

Дариянда массаж кабинеті ашылды

Бәйтерек ауданына қарасты Дариян ауылында массаж кабинетінің ашылу салтанатына «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Бәйтерек ауданы бойынша директоры Әсел Қартқожақова, бизнес-тренер Венера Мұратқалиева, Дариян ауылдық округінің әкімі Исатай Мұғалбаев, ауыл тұрғындары және кәсіпкер Рысты Садыбекованың тума-туыстары қатысты.

массаж 2

Массаж кабинетінің меңгерушісі Рысты Садыбекова қуанышына ортақтасып келген қонақтарды Жаңа жылмен құттықтады. Дариян ауылдық округінің әкімі Исатай Жұмағұлұлы мен кәсіпкердің анасы Тәнзила Қойшығұлова кабинеттің лентасын қиды.

- Бұл ашылған кабинет ел игілігіне қызмет етсін. Ауыл тұрғындары қажет ететін бірден-бір ем-шара алатын орын. Арнаулы көмекке мұқтаж адамдар да келіп, ем қабылдайтын орын болғандықтан, әлеуметтік қызметтердің сапалы көрсетілетініне сеніп, сәттілік тілеймін, - деді әкім округ әкімі И.Мұғалбаев.

- Өткен жылы аудан орталығында «Бастау» бизнес мемлекеттік бағдарламасы бойынша Рысты Садыбекова кәсіпкерлік бағытта білімін жетілдіріп, 505 000 көлемінде қайтарымсыз қаржы алды. Бүгінде массаж кабинетін ашып отыр, - деді «Бастау» бизнес-тренері Венера Жұмабекқызы.

Электр қуатының күшімен мойын омыртқадан бастап, аяқтың барлық буындарына массаж жүргізген Рысты Садыбекова емдеу процесі жайында толық мағлұмат беріп, түсіндіріп өтті. Дәлірек айтқанда, жарты сағаттық массаж құны - 1000 теңге. Сол сияқты қолмен де массаж жасалады.

Гүлжан Аязбаева

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале