Республикалық «Мектепке жол» акциясы Дариян ауылында да кең ауқымда өткізілуде.
Аталмыш акциядан Бәйтерек аудандық №2 соттың қызметкерлері де тыс қалмауда. Сот төрайымы Бақытгүл Жәңгірова ғимарат алдына жиналған Дариян мектеп-гимназия-интернаты мен Дариян ЖОББМ-ның 20 оқушысына жылы лебізін арнап, жаңа 2020-2021 жылғы оқу жылына сәттілік тілеп, киім-кешектер және оқу құралдары салынған сөмкелерді табыстады. Бұл оқушылардың барлығы да көпбалалы және аз қамтылған отбасының балалары.
Балаларына қамқорлық танытқан сот мамандарына ата-аналар ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты.
Гүлжан Аязбаева,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz