28.08.2020, 10:13
Оқылды: 63

Дариянда сот қызметкерлері де акцияға үлес қосты

Республикалық «Мектепке жол» акциясы Дариян ауылында да кең ауқымда өткізілуде.

Mektepke jol

Аталмыш акциядан Бәйтерек аудандық №2 соттың қызметкерлері де тыс қалмауда. Сот төрайымы Бақытгүл Жәңгірова  ғимарат алдына жиналған Дариян мектеп-гимназия-интернаты мен Дариян ЖОББМ-ның 20 оқушысына жылы лебізін арнап, жаңа 2020-2021 жылғы оқу жылына сәттілік тілеп, киім-кешектер және оқу құралдары салынған сөмкелерді табыстады. Бұл оқушылардың  барлығы да көпбалалы және аз  қамтылған отбасының балалары.

Балаларына қамқорлық танытқан сот мамандарына ата-аналар ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале