28.10.2021, 11:27
Оқылды: 44

Дариянда жан жылуын сыйлаған шара өтті

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің мерекесі келіп жетті. Осы атаулы мереке Дариян арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында да көтеріңкі көңіл-күймен аталып өтілді.

12

-Мүмкіндігін тағдыр тарылтқан жандардың көңілін аулау кімнің болса да кісілік парызы. Осы орайда әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің рөлі ерекше. Олар жан жылуын сыйлап, шамаларынша кез-келген уақытта жәрдемін көрсетеді. Сондықтан да көмекке мұқтаж жандар мен әлеуметтік сала өкілдерінің өзара байланысы бекем, мерекелері де мазмұндас.

Қамқорлық көрсету, әуелі, әлеуметтік мекемелерінің мінсіз қызметі арқылы орындалады,- деді әріптестерін құттықтаған мекеменің директоры Дастан Мырзағалиев.

Дастан Қадерұлы үздік қызметкерлерге мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар тарту етті.

13

Өмірін өзгені қамқорлауға арнаған жандардың мерекесі Дариян мәдениет үйі өнерпаздарының концертіне ұласты.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале