Дарияндағы М.Шолохов атындағы мемориалдық музейде Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Мақсаты – оқушыларға Тәуелсіздік ұғымының тарихи маңызын түсіндіру, патриотизмге тәрбиелеу. Іс-шараға Абай атындағы мектеп-гимназия интернатының 5-сынып оқушылары қатысты. Мерекелік кештің шымылдығын Рахым Арман «Жастар биі» атты күйімен ашты. Музей қызметкері Мадина Мусаева көпшілікті мерекемен құттықтап, қазақ халқының егемендікке жету жолындағы күресі турасында мазмұнды баяндама жасады.

Шара барысында оқушылар Тәуелсіздік туралы өлеңдер оқып, ұлттық рухты көтеретін «Егемен елім» және «Жаңа Қазақстан» әндерін орындады. Қыздар билеген «Қазақ биі» де мерекеге сән қосты. Қыздардан құралған ансамбль халық күйі «Нәр ағашын» орындап, тыңдарманның ықыласына бөленді.
Мәдина Мұса
Бәйтерек ауданы