Қызылорда қаласында самбо күресінен 2003-2004 жылғы ұлдар мен қыздар арасында ел чемпионаты өтуде. Еліміздің үздік жас самбошыларының басын қосқан жарысқа облыс құрамасы сапында барған бәйтеректік Айсұлу Сәрсенова қола жүлде еншіледі.
Самбомен бірнеше жылдан бері айналысып жүрген Айсұлу — Дариян ауылының тумасы. Жергілікті бапкер Наурызбек Сәпиевтің қол астында жаттығады.
- Айсұлу бірнеше самбомен жыл бойы айналысып келеді. Бұған дейін түрлі турнирлер мен облыс біріншіліктерінде жеңіске жетті. Ел чемпионатындағы қола — оның осы кезге дейінгі үздік көрсеткіші, - дейді бапкер Н. Сәпиев.
Түгелбай Кенжеғалиұлы,
Бәйтерек ауданы