30.07.2020, 13:39
Оқылды: 106

Дарияндық спортшымен онлайн-кездесу ұйымдастырылды

Айнала онлайнға көшкенде көп мекеме жұмысын жаңа форматқа ауыстыруды қолға алды. Бір кездері адам жинап, тар бөлмеде өткізілетін кездесулер де осы күні лайв режимінде өтеді. Қазіргі жағдайға бейімделген Бәйтерек ауданы Дариян ауылдық кітапханасы мен «Шабыт» коворкинг орталығы аудан тұрғындарын ел мақтаған азаматтармен жақынырақ таныстыру мақсатында онлайн кездесулер өткізуді қолға алды.

13AE7A07-40E5-49F6-8EB3-C0B2B18635A6

Тікелей эфирде өтетін кездесудің алғашқы қонағы - аралас жекпе-жектен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Карина Сисенова болды. Дарияннан шыққан дүлдүл спортшымен болатын кездесуге қатысқандар саны көп болды. Тікелей эфирді жүргізген «Дариян жастары» қоғамдық бірлестігің жетекшісі Марзия Қонысбаева Каринаға көпшілікті қызықтырған сұрақтарын қойды. Өзінің өмірі, жаттығу жұмыстарын қалай жүргізетіні жайында кеңінен әңгімелеген Карина көрермендер тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап берді.

-Дариян ауылындағы кітапхана қашан да оқырманға толы болды. Індетке байланысты жұмысымыз тұралап қалғандай еді. Онлайн кездесулер арқылы жандандыруды қолға алдық. Алғашқы эфир болған соң аздаған толқыныс та болды. Бірақ жеңе білдік. Көрермендер де қолдауын білдіріп, ризашылықтарын айтып жатты. Эфирден соң да жеке хабарламалар жазып, келесі қонақтың кім болатынын сұрағандар болды,-дейді Марзия Қонысбаева.

Енді дарияндық кітапханашылар бұндай кездесулерді жиі ұйымдастырмақ.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале