23.02.2024, 17:15
Оқылды: 36

Дарынды өнерпаздар дараланды

Мәдени мұрамызды дәріптеген, атақты Жайық өңірінің күйші-композиторы  Дәулеткерей Шығайұлының туғанына 210 жыл толуына орай Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы ұйымдастыруымен «Күй-құдіреті» атты аудандық оқушылар арасында жеке орындаушылар және ансамбльдер байқауы өтті.

«Күй – құдіреті» (8)

 Алдымен «Күй құдіреті күйшіден» атты кітап көрмесі жасақталып, аудандық кітапхананың кітапханашысы Жазира Ермекқызы библиографиялық шолу жүргізді. Аудан әкімінің орынбасары Руслан Ғұмар құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Әрі қарай байқауға қатысушы үміткерлер өнерлерін көрсетті. Байқау шарты бойынша үлкен топ жеке, орта топ жеке, кіші топ ансамбль үш топтан өнерпаздар өнерлерін ортаға салды.

«Күй – құдіреті» (5)

Байқау қорытындысы бойынша үлкен топта Аружан Нұрболат І орын, Шынар Қабен ІІ орын, Әминат Самиғолина ІІІ орынға ие болды. Орта топта Нұрәлі Арматұлы І орын, Ақнұр Фазыл ІІ орын, Дінмұхаммед Сисен ІІІ орындарды иеленді. Кіші топта ансамбль арасында Қызылоба ауылының Ертай Губайдуллин жетекшілік еткен ансамбль І орынға, Қали Жантілеуов саз мектебінің ұстаздары Гүлбар Шуақбаева, Амангүл Сисенова жетекшілік еткен ансамбль ІІ орынға, Қали Жантілеуов саз мектебінің ұстаздары Гүлбар Шуақбаева, Ұлпан Наурызғалиева, Ханзада Бисенғалиева жетекшілік еткен ансамбльдер ІІІ орындарға ие болды.

 Кеш соңында барлық қатысушыға алғысхат табыс етіліп, жүлде иегерлеріне дипломдар, бағалы сыйлықтар табысталды.

Аруғаным Қазиева,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

«Күй – құдіреті» (2) «Күй – құдіреті» (3) «Күй – құдіреті» (7) «Күй – құдіреті» (9) «Күй – құдіреті» (12) «Күй – құдіреті» (13) «Күй – құдіреті» (14) 3a3a916c-cce6-46c2-b992-8e1114844da2

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале