2.07.2026, 9:31
Оқылды: 10

Дарынды жастарға лайықты қолдау

Білім мен еңбекті басты құндылық санайтын жас буынды қолдау  елдің ертеңіне салынған инвестиция. Осы бағыттағы игі бастамалардың бірі Хаби Жақыпов атындағы «ALTAIR» білім мен дарынды қолдау қоры тағайындайтын арнайы стипендия.

image-01-07-26-12-25-1

Биыл қордың 100 000 теңге көлеміндегі шәкіртақысына ауданымыздың А.Оразбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің дарынды түлектері Дана Серікқызы мен Нұрдәулет Серікболатұлы ие болды. Жас талапкерлердің бұл жетістігі мақсатқа ұмтылған қажырлы еңбектің, үздіксіз ізденістің және білімге деген ерекше құштарлықтың жемісі дерсіз. Олар өз жетістіктерімен мектеп мерейін үстем етіп қана қоймай, кейінгі буын оқушыларына үлгі көрсетіп келеді.

Дарынды жастарды қолдауды басты мұраттарының біріне айналдырған А.Оразбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектеп түлегі Мирболат Хабиұлының бастамасымен құрылған Хаби Жақыпов атындағы «ALTAIR» білім мен дарынды қолдау қоры талапты жастардың білім мен ғылым жолындағы ізденістеріне тұрақты қолдау көрсетіп келеді. Қордың директоры  Мәди Мирболатұлының үйлестіруімен жүзеге асырылып жатқан бұл игі бастама үздік оқушыларды ынталандырып, олардың жаңа жетістіктерге ұмтылуына зор серпін беруде. Мұндай қолдау дарынды жастардың әлеуетін ашуға мүмкіндік жасап қана қоймай, өңірдің зияткерлік әлеуетін арттыруға да өз үлесін қоспақ.

 

Жайна Қабиболла,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале