21.12.2024, 12:00
Оқылды: 27

«Дәстүрлі әншілер трендке шықсын»

Қазіргі таңда телефон, ондағы бала санасын улайтын контенттер миллиондаған қаралым жинап, ұлттық құндылықтарымыздан алшақтап қалдық. Иә, жастар еліктегіш келеді. Шетелдегі қызылды-жасыл, жарқ-жұрқ еткен дүниелерден қазақылығымызды сақтап қалуға тырысқан жөн.

470870406_2784121341769742_3789815240591965151_n

Оны Теректі ауданындағы дәстүрлі ән өнерінің мұғалімі Дәурен Жұмағалиев бірден қолға алып, жанына бір топ оқушы жасты жинады. Қазақтың қара домбырасына баулып, қастерлі ұғымдарды бойларына сіңіре білді.

Айтпағымыз, Мәскеуде ән әуелетіп, бас жүлдені жеңіп алған теректілік «Телқоңыр» ансамблі еді. Дәуреннің шәкірттері алдына қара салмайтын жүйріктей шауып келеді. Бастысыөскелең ұрпақ қазақ өнерін, мұрасын өлтірмей, алға сүйреп жүргені.

Оқырман қауым аудан басшысы Әлия Мұханбетжанова ансамбльді қабылдап, жеңістерімен құттықтағанына куә.

471044524_2784120141769862_3052903736571131894_n

Қолдаудың сейілмегені жерлестеріміз үшін «Jastolqyn» конкурсының әкімшісі, «Бақыт бұлағы» қоғамдық қорының директоры һәм жоба жетекшісі Ботагөз Шарденбаевның сонау Астана қаласынан келгенінен анық көрініс тапты.

Ботагөз Есмсейітқызы аудандық саз мектебіне тоқтап, оқушылармен жүздесті. Аталмыш мектептің директоры Азамат Қалиев қарсы алып, ризашылығын білдірді. Жоба жетекшісі жас дәстүрлі әншілерді ынталандыру ниетімен сый-сияпатын (Galaxy Tab планшеті) ала келіпті.

Аузын ашқанның бәрі әнші болған кезеңде оқушылар асқақ өнермен кәсіби түрде шұғылданып, нағыз тектіліктің үлгісін көрсетіп жүр. Ал оларға осындай басшылар от берсе, дәстүрлі әншілер сәнге айналатынына сенім мол. Оларды трендке шығару біздің қолымызда!

Ақтілек Әлібекұлы

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале