15.08.2023, 21:00
Оқылды: 33

Дәстүрлі дін — тұрақтылық кепілі

Таяуда дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Теректі ауданына іссапармен келді.

FB_IMG_1692106637654

Ең алдымен, облыстық дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азат Қаратай Теректі ауданы бойынша дін саласына жауапты мамандармен жүздесіп, түрлі мәселелерді қамтыған сұрақтарына жауап берді.

FB_IMG_1692106645774

Содан соң дәріскерлер аудандық полиция бөлімінің ұжымымен кездесіп, жат ағымдардың ортақ сипатын баяндады. Облыстық дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азат Айболатұлы мен Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, PhD доктор Тұңғыш Абылов жат ағымның түрлері, айырмашылықтары, қалай ажырату қажеттігі және алдын алу шаралары жөнінде маңызды мағлұматтармен бөлісті. Жиынға қатысушылар сауалдарын жолдап, ой-пікірлерін ортаға салды.

FB_IMG_1692106656759

Дәл осы уақытта Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы Әбу-Ханифа зерттеу орталығы директорының орынбасары Сырым Шәкизада мен Ақтөбе облысы «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин ақ халатты абзал жандарға дәстүрлі ислам құндылықтары мен радикализмнің аспектілерін баяндады. Дәрісті мұқият тыңдаған аурухана қызметкерлері өздерін толғандарған басты мәселе – екпеден бас тартқан жандармен жұмыстанудың тәсілін сұрады. Дәріскерлер тұрғындардың  бас тартуының себебін нақты анықтаған соң, түсіндіру жұмыстарын жиі әрі жүйелі түрде жүргізуді ұсынып, тәжірибелерімен бөлісті.

FB_IMG_1692106641215

Түсқайта республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының сапары Шаған ауылдық округінде жалғасын тапты. Кездесуде жат ағымдардың алдын алу, Исламның өзге діндерден артықшылықтары, ұлттық құндылықтар, дәстүр мен діннің сабақтастығы жөнінде мәліметтер айтылды. Шағандық тұрғындар жаңа мешіт салынып, оған бас имам болып білімді маман тағайындалса деген тілектерін жеткізді.

FB_IMG_1692106659614

Жиын аяқталған соң, шағандықтар жеке мәселелері бойынша меймандармен сұхбаттасты.

FB_IMG_1692106653251
FB_IMG_1692106649231

Аягөз Айтқалиева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале