6.03.2024, 10:00
Оқылды: 13

«Дат» театры қалалықтарға жаңа қойылымын ұсынды

А.Н. Островский атындағы облыстық драма театрында Теректі аудандық халықтық «Дат» театры көрермен назарына «Туған күніңізбен, анашым» қойылымын ұсынды.

теректи дат театры (1)

Спектакльді тамашалауға облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сайран Дүйсенов, Орал қаласы әкімінің орынбасары Арсен Губашев, Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының директоры Серік Тоқмамбетов, Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова, Теректі аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев, Теректі ауданының Құрметті азаматы Эльмира Мақашева, Теректі ауданына қарасты ауылдық округтердің әкімдері мен бөлім басшылары арнайы келді.

теректи дат театры (11)

Елге танылып үлгерген жазушы Әлішер Рахаттың «Туған күніңізбен, анашым!» туындысы бүгінгі заманның көрінісін сипаттайды. Бір ананың үш ұлы арасындағы қарым-қатынас негізінде өрбитін қойылым қысқа болса да айтары бар. Бір ананың Ердәулет, Бақдәулет және Сырым есімді үш ұлы аналарының туған күніне дайындалады. Әрине, үш адам – үш түрлі образ, үш түрлі мінез. Әркелкі мінездің әңгіме арасында қақтығыс туындатуы заңды дүние. Үйдің кенже ұлы Сырымның дертке шалдығуы екі бауырдың арасындағы жанжалдың өршіп кетпеуіне себепкер болады. Аналарын қуантқысы келетін бала көңіл қойылымның әдемі нүктесі еді. Рөлдерді сомдаған облысқа танымал талант Айбек Дәулетқалиев, аудандық мәдениет үйінің дыбыс операторы Ерасыл Әлібекұлы және мәдениет үйінің жарық берушісі Данияр Балқасимов көрерменнің қошеметіне бөленді.

теректи дат театры (14)

Драма театр залына адамның көп жиналғаны соншалық, ине шаншар орын болмады. Теректілік өнерпаздарға деген халықтың сүйіспеншілігін көріп, іштей сүйсіндік.

Ауданымыздың жас режиссері Әділбек Қожабектовтің бас болуымен қойылған спектакль аяқталған соң, «Даттың» өнеріне риза болған көрермен ұзақ уақыт қол соғып, кейбірі көз жасына ерік беріп, әрі-сәрі күй кешті.

Теректілік әртістерге облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сайран Дүйсеновтің және Орал қаласының әкімі Миржан Сатқановтың аттарынан алғысхат пен ықылас гүлдері табысталды.

Әділет Әлібек,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

теректи дат театры (4) теректи дат театры (5) теректи дат театры (6) теректи дат театры (7) теректи дат театры (9) теректи дат театры (10) теректи дат театры (15)

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале