21.12.2023, 21:30
Оқылды: 27

«Дат» театры жаңа қойылым ұсынды

Теректі аудандық мәдениет үйінде халықтық «Дат» театры көрерменін жаңа қойылыммен қуантты. Ауданға келген жас режиссер Әділбек Қожабектовтің бас болуымен «Туған күніңізбен, анашым!» атты спектакль теректіліктерді әрі-сәрі күйге түсірді.

image-21-12-23-05-23-1

«Даттың» премерасын тамашалауға Теректі ауданы әкімінің орынбасары Қалаубек Теміров, аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев, Теректі ауданының құрметті азаматы Эльмира Мақашева, облысымызға белгілі режиссер Самал Әбуов, «AMANAT» партиясы Теректі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мирхат Ибраев, Теректі аудандық қазынашылық басқармасының басшысы Ұлан Сайтмұхаев болды.

image-21-12-23-05-23-3

Елге танылып үлгерген жазушы Әлішер Рахаттың «Туған күніңізбен, анашым!» туындысы бүгінгі заманның көрінісін сипаттайды. Бір ананың үш ұлы арасындағы қарым-қатынас негізінде өрбитін қойылым қысқа болса да айтары бар. Бір ананың Ердәулет, Бақдәулет және Сырым есімді үш ұлы аналарының туған күніне дайындалады. Әрине, үш адам – үш түрлі образ, үш түрлі мінез. Әркелкі мінез әңгіме арасында қақтығыс туындатуы заңды дүние. Үйдің мкенже ұлы Сырымның дертке шалдығуы екі бауырдың арасындағы жанжалдың өршіп кетпеуіне себепкер болады.

image-21-12-23-05-23-5

Аналарын қуантқысы келетін бала көңіл қойылымның әдемі нүктесі еді. Рөлдерді сомдаған облысқа танымал талант Айбек Дәулетқалиев, аудандық мәдениет үйінің дыбыс операторы Ерасыл Әлібекұлы және мәдениет үйінің жарық берушісі Данияр Балқасимов залға жиналған көрерменнің қошеметіне бөленді.

image-21-12-23-05-23-7
Теректі ауданы әкімінің орынбасары Қалаубек Баубекұлы сахнаға көтеріліп, «Дат» театры ұжымы мен әртістерге құрмет көрсетті. Сонымен қатар аудан басшысы Әлия Мұханбетжанованың ықылас гүлі мен алғысхатын халықтық театрға табыстады.

Әділет Әлібек,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале