5.02.2026, 23:00
Оқылды: 6

Демократия диалогтан басталады

Бүгін С.Сейітов атындағы кітапханада Дүниежүзілік сайлау күні аясында «Сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығы: бірлескен шешім – демократия көрінісі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

IMG_5033

Жиынға Ақжайық ауданының аумақтық және облыстық округтік сайлау комиссияларының мүшелері, «AMANAT» және «Ауыл» партияларының өкілдері, жас сайлаушылар клубының мүшелері, ардагерлер кеңесі, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

IMG_5042

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ербол Мангуров ашып жүргізген кездесуге қатысушылар сайлау процесінің ашықтығы мен заң талаптарының сақталуы, азаматтық белсенділікті арттыру, жастардың сайлау мәдениетін қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды. Айталық, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Артур Ермұқанов, "Ауыл" партиясы аудандық филиалының төрағасы Салауат Аймұқашев, еңбек ардагерлері Мұрат Сәрсенов, Ерлан Құсайынов, Мәншүк Мәмбешевалар сайлау өткізуде ашық диалогтың, қоғамдық бақылаудың және бірлескен жұмыстың маңызын атап өтті және осы тақырыпқа қатысты өз пікірлерін ортаға салды.

Аудандық аумақтық сайлау комиссия тарапынан сайлау жүйесін дамытуға қосқан үлестері үшін бірқатар азаматтар алғыс хаттармен марапатталды.

Әсем Есбек

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале