4.06.2022, 11:24
Оқылды: 59

Денсаулық сақтау министрі жаңақалалықтармен кездесті

Жаңақала ауданына жұмыс сапарымен денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният келді. Аудандық мәдениет үйінде халықпен кездесу өткізіп, денсаулық сақтау саласындағы өзгерістер туралы баяндады.

ажар 1

"Армысыздар құрметті жерлестер! Туған жеріммен, туған еліммен қауышқаныма қуаныштымын. Туған жердің топырағы да, ауасы да бөлек екен. Менің жұмыс сапарымның басты тақырыбы қазіргі денсаулық сақтау саласында болып жатқан ахуал, сонымен қатар Мемлекет басшысының денсаулық сақтау саласына берілген тапсырмасын орындау туралы. Былтыр Мемлекет басшысының тапсырмасымен денсаулық сақтау саласы бойынша ұлттық жоба қабылданған болатын. Бұл жобаның ең басты бағыты - халыққа сапалы, қолжетімді медициналық көмекті ұйымдастыру. Соның аясында прафилактикалық зерттеулер жүргізіледі. Бұл шара келесі айдың 1 -і басталады. Барлық елді мекендерде, алыс жатқан ауылдарда көптеген мамандар тапшы болғандықтан 100 жылжымалы кешен автобустың ішінде орналастырылды. Соның ішінде ең басты керегі рентген аппараты, гинекологиялық құрал-жабдықтар, лаборотория, көзді тексеретін құралдар бар. Аудандық емханаларды профилактикалық зерттеулерді дұрыс қолдансын, жылжымалы кешенді тиімді пайдалансын деген ниетте осы қызметтің тарифын көтеріп, былтырдан бері бөлінетін қаражат өсіп отыр", - деді денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқызы.

Одан әрі халықтың ұсыныстары мен пікірлерін, сұрақтарын тыңдады. Ақын Закария Сисенғали өзінің ұсыныстарымен бөлісті. Ауылдық округтерге медициналық аппараттар алынып берілсе дегенді және полигон аймағына жататындықтан тұрғындарымыздың зейнет жасы қысқарса, соған министрлік тарапынан ұсыныстар жасалса деген ұсынысын жеткізді. Сонымен қатар Ажар Ғиниятқызына туған жері Көпжасар ауылының тарихы топтастырылған кітапты сыйға тартты. Аудан әкімі Дархан Закарин биыл Жаңақала ауданының құрылғанына 50 жыл толғандығын айта келіп, денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа Құрмет хат ұсынды.

ажар 2

Тұрғындардың тарапынан қойылған сұрақтарға А.Ғиниятқызы толыққанды жауап берді. Кездесу біткен соң аудандық ауруханаға барып, медицина қызметкерлерімен кездесіп, аудандық аурухананың жұмысымен танысты.

Жанайдар Болатбекұлы, 

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале