Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Байсалов жұмыс сапары аясында Казталов ауданында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Азаматтар мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі, мансаптық өсу мүмкіндіктері, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі, сондай-ақ құқықтық сипаттағы өзге де мәселелер бойынша сауалдарын қойып, өз ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Мұрат Сейлбекұлы әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жан-жақты құқықтық түсіндірме берді. Сонымен қатар жекелеген мәселелерді шешудің заңнамалық тетіктері түсіндіріліп, олардың қаралу тәртібі жөнінде нақты ақпарат ұсынды.
Әдемі Жасұланқызы,
Казталов ауданы