27.09.2021, 12:41
Оқылды: 49

Депутаттар белсенділігін арттыруы тиіс

«Nur Otan» партиясының Теректі аудандық филиалында жергілікті мәслихаттағы депутаттық фракцияның кезекті отырысы өтті.

 IMG-20210927-WA0005

Аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары, депутаттық фракция жетекшісі Мирхат Ибраевтың төрағалығымен өткен жиынның күн тәртібінде партияның Теректі ауданы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары – Жол картасының орындалуының барысы қаралды.

Жол картасы бойынша атқарылатын шаралардың әр қайсысына жауапты депутат бекітілген болатын. Осы мәселе бойынша фракция жетекшісі М.Ибраев баяндама жасады.

Атқарылған жұмыстар жайлы айтылып, орындалмай қалуы мүмкін тармақтар  талқыланды. Жол картасында 2021 жылы 75 шара жүзеге асыру қаралған болатын. Соның 18-і орындалды. Яғни, жыл аяғына дейін Жол картасын толық орындау үшін депутаттар белсенділігін арттыруы тиіс.

Фракция жетекшісі М.Ибраев осы жағын баса тоқталып, жыл аяғына дейін орындалуы тиіс жұмыстар сапалы, уақытылы аяқталуын басты назарда ұстауды айтты.

 

Камелия Қарекесова,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале