11.09.2022, 11:35
Оқылды: 45

Диқандар техникаларын жаңартуда

Бәйтерек ауданына жасаған сапары кезінде облыс әкімі Шалғай ауылдық округіндегі «Пермский» серіктестігінің егіс алқабына барды. Мұнда бидай ору жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

IMG-20220911-WA0014

Шаруашылық басшысы Александр Недопекиннің сөзіне қарағанда, соңғы он күннен бері жауын-шашын болуы себепті оларда дәнді дақылдарды жинау кешеуілдеп тұр. Жалпы серіктестік 8 мың гектар жерге дән сепкен. Оның жартысына жуығы жаздық бидай. Орта есеппен гектарынан 20-25 центнерге дейін өнім алынуда. Өткен жылмен салыстырғанда бидай шығымы үш есеге жуық көп. Оған ауа райының қолайлы болуымен қатар серіктестіктің жаңа технологияларды кеңінен қолдануы да оң әсерін беруде.

IMG-20220911-WA0018

Шаруашылық техникалық парктің жаңаруына жіті мән беріп отыр. «Джон дир» кешендері мен комбайндары алынған. Қазір егістік алқабында жүрген 20 техниканың барлығы дерлік жаңа. Облыс әкімі Александр Григорьевичтің бұл бағыттағы жұмысына да ризашылығын білдірді. Жалпы аудан бойынша егін жинау және күзгі далалық жұмыстарға 1652 бірлік техника тартылған. Оның 500-і трактор. Олардың он пайыздайы «Джон дир» кешені, 107-сі «Джон дир», «Класс» секілді комбайндар. Жалпы былтыр бәйтеректік шаруалар 117 жаңа техникаға қолжеткізген. Бұл бағыттағы жұмыс биыл да жалғасын табуда.

IMG-20220911-WA0015

- Серіктестік 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Бізде комбайн жүргізушілердің табысы жақсы. Орылған әр тонна бидай үшін оларға 1 мың теңге төленеді. Егер 40 тонна орса, күніне 40 мың теңге алады, яғни он күнде 400 мың теңге табыс бар. 1 мың гектар алқаптың бидайын шапқандарға 1 млн. теңге еңбекақы беріледі. Ал бидайды тасылмалдап жүргендер әр тонасы үшін 500 теңге алады. Қызметкерлерді, соның ішінде механизаторларды әлеуметтік қолдау шаралары да қарастылған. Оларға ауылдан, аудан орталығынан үй алып беріледі және өзге де материалдық қолдаулар бар, - дейді БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Александр Недопекин.

Сәкен Мұратұлы,
Бәйтерек ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале