19.04.2024, 18:21
Оқылды: 47

Діни түсінік берді

Жуырда Тасқала ауданы Шежін мәдениет үйіндегі кітапханада «Имандылық – асыл қасиет» айдары атты дөңгелек үстелі өтті.

дін фото

Аталмыш жиынға Тасқала аудандық мешітінің наиб имамы Айдын Ибрашев, Тасқала ауданының теолог маманы Қуанғалы Тыным ауыл үлкендері мектеп оқушылары қатысты.

Жиынның мақсаты жастарымыз жат діни ағымдардың құрығына түсіп қалуына жол бермеу және жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу, мұсылман діні теріс бағыттағы діни бірлестіктер туралы білімдерін кеңейту.

Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салты. Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен көрегенді жастарымыз, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін иманды жастарымыздың қатары толықса деген тілектерін үлкендеріміз тілге тиек етіп, қазіргі қоғамның қозғаушы күші жастарымыз – ел болашағы деп түйіндеді.

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале