Теректі ауданы әкімдігінде сессия отырысы өтті. Жиынға аудандық мәслихат депутаттары , бірқатар бөлім басшылары қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары Дамир Ғұмаров төрағалық еткен жиынды аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев жүргізді. Күн тәртібінде он екі мәселе қаралды. Алғашқысы мәслихат шешімінін күшін жою, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау жайында мәслихат аппаратының басшысы Болат Кенжеғұлов баяндады.
Әлеуметтік көмек, оның мөлшері жайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Арайлым Тасенова айтып берді. Мәслихат депуттартары мүгедектігі бар адамдардың шипашайда ем алуы жайында сауалдарын жолдады.
Мамандарды әлеуметтік қолдау, яғни «Дипломмен ауылға» бағдарламасындағы өзгерістер мен толықтыруыларды экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ғабит Ғазиев түсіндірді.
Теректі ауданы бойынша кондоминиум обьектісін ортақ мүлік басқаруға және ұстауға жұмсалатын шығыстардың ең аз мөлшерін бекіту туралы аудандық тұрғын үй- комуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайыржан Есетов, кадрлық өзгерістер жайында аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бірыңғай қызметі және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Сәкен Идрескалиев таныстырды.
Ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар депутаттар арасында қолдау тапты.
Балнұр Қанаева,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz