Шыңғырлау ауданы биыл «Диломмен ауылға» бағдарламасымен келген жас мамандармен толығуда. Әр аймақтағы жоғары оқу орындарын бітіріп,белгілі бір мамандықтарды игеріп алған әр түрлі сала мамандары алғашқы еңбек жолдарын бастап та кетті. Өмірлеріндегі басты кезеңдері еліміздегі тарихи оқиға-Құрылтай сайлауымен тұспа тұс келіп отырған күні олар да өздерінің азаматтық белсенділіктеін көрсетуде. Солардың бірі аудандық ауруханаға жуырда қызметке орналасқан Еркебұлан Үшкемпіров.

Еркебұлан Нұржанұлы - Алматы қаласындағы Қазақ-Ресей медициналық университетінде білім алып «Жалпы тәжірибелі дәрігер» мамандығын меңгеріп шыққан.
Жас маман енді алған білімін тәжірибемен ұштастырып, Шыңғырлау аудандық ауруханасында жалпы тәжірибе дәрігері ретінде жұмысын бастап отыр.
Үлкен ұжымға келген Еркебұлан әріптестерімен бірге тарихи маңызы бар күні өзі тіркелген сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
Еліміздегі жастарға жасалып жатқан, шапағаты мол «Дипломмен ауылға» жобасының игіліктерін көріп отырған әр жас маман бұл күні азаматтық ұстанымдарын таныта отырып, таңдау жасауға келуі тиіс дейді ол.
Гүлшат Ботанова,
Шыңғырлау ауданы