Теректі ауданының Долин ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылу салтанаты өтті.
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде Теректі ауданының Долин ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылу салтанаты өтті.
Долин ауылында жобалық-сметалық құны 211 млн 76 мың теңгені құрайтын, жалпы ауданы 341,27 кв.м күніне 25 адамды қабылдау мүмкіндігі бар жаңа фельдшерлік акушерлік пункт ашылғалы отыр.
900-ге жуық тұрғынға қызмет көрсететін медициналық нысан Долин ауылы тұрғындары үшін – үлкен қуаныш.
Долин фельдшерлік-акушерлік пункті құрал-жабдықтармен жабдықталған: телекардиограф, компьтерлік спирометр, сандық термометр, небулайзер, негатоскоп, стетоскопты танометр, пульсоксометр, электронды термометр, автоклав, вакцина сақтау тоңазытқышы, компьютер жиындығы сынды заманауи медициналық құралдары бар. Нысанның құрылысын жүргізген мердігер компания – «КАЗ ОКК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Шараға Теректі ауданының әкім Әлия Мұханбетжанова, БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.Өтешов және аудандық мәслихат депутаттары мен ауыл тұрғындары қатысты.
zhaikpress.kz