10.10.2022, 12:46
Оқылды: 126

Достық ауылының әкімі сайланды

Ауыл әкімін сайлауға «AMANAT» партиясынан 1 үміткер, өзін-өзі ұсынумен 2 үміткер қатысты. Дауыс беру нәтижесінде Ганжа Ғұсманұлы Тұрғанәлиев Бөрлі ауданына қарасты Достық ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

IMG-20221010-WA0023

Сайлау күні барлық тізімге енгізілген 274 сайлаушының 254-і (92,7 %-ы) сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады. Кандидаттар Тұрғанәлиев Ганжа 226 (90,0 %), Абилова Лаура 19 (7,6 %), Жұмағалиев Ержан 6 (2,4 %) дауыс жинады.

Ганжа Ғұсманұлы 25.10.1974 жылы туған, ұлты қазақ, Осыған дейін Бөрлі ауданы Достық ауылдық округі әкімі, «AMANAT» партиясының мүшесі қызметінде болған. Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Достық ауылының тұрғыны.

Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі - 23 жыл. Отбасы жағдайы: үйленген, 1 ұлы бар.

Сәнім Меңдібай, 

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале