7.09.2022, 11:45
Оқылды: 48

Достықта комиссия отырысы өтті

Жуырда Тасқала ауданы Достық ауылында аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.

үш мәселе қаралды

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Талғат Шакировтың төрағалығымен өткен жиынға Достық ауылдық округінің әкімі Хафиз Ахметов, комиссия мүшелері қатысты. Комиссия отырысының күн тәртібінде үш мәселе қаралады.

Алдымен 2022-2023 жылдарға арналған оқу жылына дайындық жұмыстары туралы аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Асхат Ғайдарұлы және Тасқала колледжінің директоры Данияр Дүйсенғалиев мәлімдесе, кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану, қоғамдық шараларға белсене араластыру мақсатында шаралардың ұйымдастырылуы туралы есепті аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Асхат Ғайдарұлы, аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жанжабіл Даниялқызы баяндады. Мектеп оқушылары арасында жүргізілген тәрбие жұмыстары және нәтижесі жөнінде Достық мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің бастауыш сынып мұғалімі Дамира Қосаманқызы баяндады. Жиын соңында комиссия отырысына қатысушыларға берілген тапсырмаларды сапалы орындап, атқарылған жұмыстарды хаттамаға көрсетілген күнде ұсынылуы қажеттігі айтылды.

Болат Бек,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале