12.05.2022, 12:45
Оқылды: 72

Думанға бөлеген дала қызықтары

Қыстан малы аман шығып, мамыражай мамырға аман-есен жетіп, еңсесін тіктеген Жаңақала ауданы тұрғындарына дала қызықтары ерекше көңіл күй сыйлады. Іс-шара барысында Жеңістің 77 жылдығына орай мәдениет үйінің жанында орналасқан мәңгілік алауға аудан әкімі Дархан Закарин бастаған бір топ адам гүл шоқтарын қойды.

8BAA1152-E0E6-48E0-B9EF-13A386F4E708

Ауыл сыртындағы алаңда аудан тұрғындары жиналып, дала қызықтарын тамашалады. Үш шақырымдық тай жарысында Ержігіт Жайықбаев (Жаңақала ауылы) І орынға ие болса, ІІ орынды Айсұлтан Миразат (Көктерек ауылы) еншіледі. Санжар Дарханұлының (Бірлік ауылы) жүйрігі үшінші келді. Жаппай көкпар да ұымдастырылды. Әр салымға 5 мың теңге еншілеген шабандоздардың біразының қанжығасы майланды. Топ бәйге 4 айналым болып, шабандоздар 12 шақырымды бағындырды. Нәтижесінде Мәди Гусейнов (Бөрлі ауданы) жеңімпаз атанып, 150 теңгеге ие болды. С.Меңдешев ауылдық округінен қатысқан Ержігіт Жайықбаев ІІ орын алып, 100 мың теңгелік ақшалай сыйлыққа ие болды. Ал үздік үштікті Ершат Омарғали (Пятимар ауылы) түйіндеп, 70 мың теңге ақшалай сыйлықты қанжығасына басты.

18 шақырымдық аламан бәйгеде Ержігіт Жайықбаев І орын алды. Әділбек Нұрлыбеков ІІ орынға тұрақтаса, Арсен Мұратқали ІІІ орынға ие болды. Жеңімпазға 200 мың теңге, ІІ орынға 150 мың теңге, ІІІ орын алған жанға 100 мың теңге ақшалай сыйлық табысталды.

Жанайдар Болатбекұлы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале