Бүгінгі еліміздегі жағдай бәрімізге мәлім. Эпидемия күшейіп, облысымыз «қызыл» аймаққа қайта енді.
Бір жылдан аса құтыла алмай отырған індеттен тез арылудың бірден-бір жолы - екпе алу. Ауылдастарымыздың аман болуы тек өзімізге байланысты. Сақтық шараларын сақтап, тәртіпке, талапқа бағыну бәрімізге міндет. Зейнеткер жаста болса да өз денсаулығын ойлаған бірқатар ардагерлеріміз ешкімнің мәжбүрлеуінсіз екпе алуда. Олардың қатарында А.Исмагилов, Б. Сапаров, Т.Жұбаниязов, Т.Ақбалиева, Н.Алиева, Н. Кишкин отбасымен және С.Имашев бар. Ал өз еркімен екпе алған Мариям Хайрулина – 82 жаста.
Аурудан аман болғымыз келсе, бала-шағамыздың ертеңгі күнін ойласақ, ақылға салған дұрыс болар.
С.Самиев,
ардагерлер кеңесінің төрағасы