23.09.2021, 15:08
Оқылды: 67

Егін ору жұмыстары аяқтала келді

Бәйтерек ауданының шаруалары дәнді дақылдарды жинап болды. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінен түскен мәліметке сенсек, шаруалар 42997 тонна күздік, 216 тонна тритекали, 3451,2 тонна қара бидай, 28238  тонна жаздық бидай, 13704 тонна арпа, 411,6 тонна тары жинаған. Одан бөлек сұлы, ноқат қарақұмық пен соргоны да жинап алыпты.

7C06454F-07E5-4E21-8148-885CFAE077A3

Қазір диқандар майлы дақылдады орып жатыр. Биыл шаруалар аталған дақылды 31341,8 гектар жерге еккен болса, 1567 гектар жер есептен шығарылған. Бүгінгі таңда 29180 гектар жердегі майлы дақыл орылыпты. Әр гектардан 7,1 центнер алынған. Қазір қамбаға 20728 тонна өнім түскен. Аудан шаруалары негізінен күнбағыс егеді. Биыл нәпақасын даладан тапқан ағайын аталмыш дақылды 32770,8 гектар жерге сеуіпті. Бізге түскен мәліметке сенсек, 4225 гектар жердегі күнбағыс орылып, өнімділігі 6,1 центнерді құрап отыр екен. Қамбаға 2588 тонна түскен. Сондай-ақ мақсары егу ісін де бәйтеректік шаруалар жақсы жолға қоя алды. 28285 гектар алқапты алған мақсарының 981 гектары есептен шығарылып, 24955 гектары шабылған. Әр гектардан алынған өнім 7,3 центнерді құраған. Бұл қамбада 18140 тонна мақсары бар деген сөз. Аталған қос дақылды ору жұмыстары әлі де жалғасуда.

Бақша еккен шаруалар да жұмыстарын аяқтай келді. Қазіргі таңда  қамбаға 11766 тонна картоп, 3121,2 тонна қырыққабат, 2370,1 тонна пияз, 1092 тонна сәбіз, 6696,2 тонна қызылша, 3312 тонна қызанақ, 2225,4 тонна қияр түсті. Бақша өнімдерін жинау науқаны да жалғасуда.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале