7.09.2022, 16:15
Оқылды: 59

Екі борышкер тұрақты жұмысқа орналасты

Бүгін Жәнібекте халықты жұмыспен қамту орталығының ғимаратында аудандық прокуратураның, аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының және аудандық сот орындаушыларының ұйымдастыруымен алимент төлей алмай жүрген борышкерлерге бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді.

IMG_8968

Жиында сөз алған аталған орталықтың басшысы Миранбек Ибатов алимент төлей алмай жүрген азаматтар алдымен жұмыспен қамту орталығына тіркеліп, кейін ақылы негізде жұмыс орындарына жіберетіндігін жеткізді. Сондай-ақ жұмыс берушілердің сұранысына сай, ауданға әртүрлі қызметте жұмыс жасайтын және электрик қызметіне ер адамдардың қажет екендігін айтты.

IMG_8961

-Қазіргі таңда ауданда жеке сот орындаушысының атқарушылық өндірісінде алимент өндіру бойынша 128 борышкер тіркелген, оның 58-інің еңбекақысынан тұрақты түрде тиісті мөлшерде ұсталуда, ал 32 борышкер өз еркімен төлеп отыр. Одан бөлек бүгінде 38 борышкер жұмыссыз жүр,- дейді аудандық сот орындаушы Қуаныш Абдуллин.

Шара соңында жұмысқа орналасуға ниет білдірген 3 борышкерге ресми түрде жолдама берілсе, 2 борышкер тұрақты жұмысқа орналасты.

Лаура Қайратқызы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале