Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы мен Ресей Федерациясының Саратов облысы Александров-Гай ауданы арасындағы шекарадағы Казталов-Фомин жеңілдетілген өткізу пункті 2019 жылы əлемдік пандемияның өршуіне байланысты карантинге жабылған болатын.
29 сəуір күні екі мемлекеттің халықаралық қатынастары жəне келісіміне байланысты Казталов пен Александров-Гай аудандары шекара аймағындағы тұрғындар үшін Казталов-Фомин жеңілдетілген өткізу пункті қайтадан ашылды.
"Қосөзен" шекара заставасының бастығы, аға лейтенант Мағжан Тоқтахынов төмендегі ақпаратты айтып берді.
- Шекарадан өту үшін Казталов ауданы тұрғындарына төмендегі ақпаратты білген дұрыс.
Шекарадан өту күндері аптаның жұма, сенбі, жексенбі күндері сағат 10:00 - 18:00 аралығында жүргізіледі. Бекеттен өту үшін мынандай құжаттарды талап етеді:
1. Азаматтың жеке куəлігі.
2. Шекарадан өтушінің ЭЦҚ кілтімен «Шекарамен шектес аумағындағы елді мекенде тұрғылықты жері бойынша тіркеуді растайтын мәліметтерді ұсыну анықтамасы» Халыққа қызмет көрсету орталығынан. (ХҚКО)
3. ХҚКО-нан алынған анықтамаға сәйкес жергілікті әкімшіліктен шекарадан өтуге рұқсат етілген анықтама.
4. ПЦР тест қажет етілмейді.
Қайрат Жақып,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz