5.07.2024, 11:45
Оқылды: 100

Казталов ауданында екі отбасы баспаналы болды

Астана күні мерекесі қарсаңында Казталов ауылында «Әлеуметтік осал топтарды тұрғын үйлермен қамту» бағдарламасына сәйкес екі отбасы жаңадан бой көтерген, заманауи тұрғын үймен қамтылды.

91207510-E798-467C-894D-79C9FF6744C4

Баспана беру салтанатына қатысқан Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов Асылзада Зұлқарнаева мен Шалыққаным Бұйрашеваға тұрғын үй кілтін табыстап, құттықтау тілегін жеткізді.

«Қадірменді жерлестер! Баршаңызды алдымен мемлекеттік мереке Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қазіргі таңда еліміз қарқынды дамып келеді. Еліміздегі саяси, құқықтық реформалар, мемлекеттік бағдарламалар халықтың әл-ауқатын арттыруға сеп болып отыр. Ауданымызда да мемлекеттік бағдарламалар аясында бірқатар жобалар жүзеге асуда. Дәлірек айтсақ, тұрғын үй кезегіндегі халықты баспанамен қамтамасыз ету мақсатында ауданымызда 28 ауылда 116 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар Саралжын елдімекеніндегі 60 орындық мектеп пен Казталов ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жуырда Қайыңды ауылындағы мәдениет үйін пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Бұның барлығы аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік саланы дамыту мақсатында жүзеге асып жатқан игі жобалар. Бүгін аудан орталығында қос бірдей баспананың берілуі Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жүзеге асып жатқанының айқын көрінісі. Өйткені қазіргі таңда халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті. Кезекте тұрғын азаматтар да жеке және қоғамдық қабылдауларда баспана мәселесін жиі көтереді. Бүгін тұрғын үй кезегіндегі екі отбасыны баспанамен қамтамасыз етіп отырмыз. Баспана иелеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық, шаңырақ шаттығын тілеймін. Баспаналарыңыз құтты болсын!», - деді Асланбек Ахметоллаұлы.

73F188BD-D022-4B1D-856B-9F1EC35F033E

Жаңа баспанаға ие болып, қоныс тойын тойлап жатқан Асызада Мақсотқызының үйі «апатты» деп танылған болса, Шалыққаным Ерниязқызы 20 жылдық еңбек өтілі бар, бюджеттік сала қызметкері. Заманауи үлгіде салынған жаңа баспанаға кірген отбасылардың қуанышында шек жоқ.

Нұр Рахман

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале