19.11.2021, 22:54
Оқылды: 93

«Екі жұлдыз» жобасының жеңімпаздары анықталды

Бүгін Қаратөбе аудандық мәдени-демалыс орталығында «Екі жұлдыз» жобасының финалдық бәсекесі өтті. Финалдың шарты бойынша жұптарға хит әндерді орындау тапсырмасы берілген болатын. 

16

Жобаға облыстық халық шығармашылығы орталығының жетекші маманы Есенгелді Молдағалиев, Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрының ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі директордың орынбасары, өнер саласының үздігі Арайлым Ихсанова, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның көркемдік жетекшісі Еркін Өтегенов қазылық етті.
Өнер додасына жан-жақты дайындықпен келген жеті жұп өз өнерлерін ортаға салып, таланттарын халыққа паш етті. Жоба барысында  отбасылық жұп Асланбек Жұбанғалиев пен Айсұлу Рзабекова сахналық қойылымдарымен «Половина моя» әнін шырқап, жеңімпаз атанды. Ал Нариман Байыров пен Мира Байтемірова ерекше образда хит әндерден попурри шырқап, «Көрермендер көзайымы» аталымын жеңіп алса, «Мөлдіреген жаңарың» әнін шырқаған Мерей Амангелдиев пен Райымбек Абаев тыңдармандардың  ерекше ықыласына бөленді. Жоба жеңімпаздары мен қатысушыларға алғыс хатпен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Халила Моржанова,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале