Тура бір жыл бұрын Сырым ауданының Алғабас ауылдық округіндегі М. Қаналиев атындағы мектепте оқушылар бастамасымен «Экоқорғаушылар» қозғалысы басталған болатын. Мақсат – далаға шығып не өзен жағасына барып суретке түсу емес, мүмкіндігінше табиғатты тұрмыстық қалдықтармен бүлінуінен қорғау.
Кешегі аптада алғабастық «Экоқорғаушылар» ауылдың айналасын сүзіп өтіп, Аңқаты өзенінің жағасын қоқыстан тазалады. Оқушылар туған ауылдарының тазалығына ынталы екендерін белсенді еңбектерімен байқатты.
Пайдаланылған пластикалық құтыларды отқа жақса – түтіні зиян. Сондықтан оны қоқысқа лақтырамыз. Ал өте көп мөлшерде тасталған ыдыстар, полиэтилен дорбалар ауылды қоқыс полигонына айналдырып жіберуі мүмкін.
Қозғалыс мүшелері болашақта пластик құтыларды қайта өңдейтін құрылғы алғысы келеді.
Нұрболат Жұмағазиев,
М. Қаналиев атындағы мектептің тәлімгері
Сырым ауданы