15.11.2023, 17:30
Оқылды: 20

Екпе салу жұмысы жалғасып жатыр

Соңғы кездері балалар арасында қызылша ауруының белең алып тұрғаны жиі айтылып, жазылып жатыр. Қызылша ауруының алдын алу шараларының ең маңыздысы ол – екпе алу екені белгілі. Шыңғырлау аудандық аурухана қызметкерлері халықтың хал – ахуалына баса назар аударып, осы кезеңдерде вирустың туындауы мен таралуын болдырмау үшін жүргізіліп жатқан профилактикалық шараларды қадағалап отыр. Бүгінгі таңда аудан бойынша қызылша ауруына шалдыққан бір ғана науқас тіркеліп, уақтылы жасалған ем-шаралардың арқасында тез арада сауығып кеткен.

Close up of unrecognizable doctor vaccinating child in medical clinic, copy space

Фото: istockphoto

Қазір 6-11 ай аралығындағы балаларға екпе салынып жатыр. Аудан бойынша жалпы есепте 37 бала вакциналанды. Екінші желтоқсан 2-4 жас аралығындағы балаларға екпе салу басталады.

Шыңғырлау аудандық ауруханасының жұқпаны бақылау мейіргері А.Иржанова:

 - Қызылша ауруының тез алдын алу үшін ең алдымен оның ауру белгілерін білу қажет. Олар (7-ден 14 күнге дейін созылатын инкубациялық кезеңде) қалтырау, қызу көтерілу, көздің қызаруы, құрғақ жөтел және тағы басқасы. Бұл дерттің ең белгілі көрсеткіші денеде бөртпелердің пайда болуы. Алғашқы симптомдардың пайда болған кезеңінен бастап 3-5 күн ішінде бөртпелер бет, мойын айналасында, аяқ-қол мен арқа тұстарында көріне бастайды. Осындай маңызды мәліметтерді біліп, бала ауырған кезде осы симптомдарды байқаған бойда дәрігерлердің көмегіне жүгінсеңіздер, қызылша ауруының алдын алу оңайға соғады, - деп кеңес береді.

Гүлжазира Асу,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале