3.07.2023, 10:15
Оқылды: 85

Экспедицияға барды

Маусым айының 22-29 күндері оқушылардың облыстық «Жайық – Урал 2023» туристік-экологиялық экспедициясы өткізілді.

image-30-06-23-11-20-1

Экспедиция Орал қаласынан Ақжайық ауданы, Чапаев ауылына дейінгі аймақта өтті.

Барлығы 205 км, 8 күн.

Экспедицияның жалпы мақсаты оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, экологиялық сауаттылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, табиғатты қорғауға баулу.

image-30-06-23-11-20
Экспедиция «Орал қаласы – Турбаза – Көшім – Ақжайық – Коловертное –Бударин - Жаңабұлақ» су маршруттары бойынша өткізілді.

Жалпы экспедицияға 10 команда, соның ішінде Ақжайық, Жаңақала, Бөрлі, Казталов, Қаратөбе, Теректі, Жәнібек, Шыңғырлау аудандары және қалалық Атамекен туризм орталығы мен Орал қаласының командалары қатысты.
Туристік-экологиялық экспедиция барысында гидрологиялық, геоморфологиялық зерттеу жұмыстары мен метео бақылау жүргізіліп, топырақ жамылғысы зерттелді.

Экспедиция барысы туристік қызықтарға толы болып, оқушылар керемет әсермен оралды.

А.Жақсылықова,
Шыңғырлау аудандық туризм және
экология орталығының білім беру
педагогы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале