Жуырда Орал қаласында 2004 жылы туған және одан кіші жастағы жасөсіпірімдер арасында қол күресінен облыстық чемпионат өтті.
Оған 11 команда мен 350-ден астам спортшы қатысты. Жәнібек ауданынан қатысқан спортшылар бақтарын сынап, жүлделі орындардан көрінді. Нақтырақ айтсақ, қыздар арасында 2004-2007 жылы туған 40 келі салмақтағы Әсем Кенешева бірінші және Аружан Рақымғалиева екінші, ал 2001-2003 жылы дүниеге келген, 45 келі салмақта Диана Жаналиева үшінші орынға ие болды. Ұлдар арасында 2004-2007 жылы туған 45 келі салмақта Диас Бигалиев екінші, Батырхан Абдуллиев үшінші орын алды. 2001-2003 жылы дүниеге келген, 70 келі салмақта Батыржан Оспан бірінші орынды иемденді.
Айта кету керек, бірінші орыннан көрінген спортшылар Талдықорған қаласында өтетін ел чемпионатына жолдама алды.
Гүлзара Тілекқабылқызы,
Жәнібек ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер